Короновирусқа байланысты Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
– 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді, – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын мәлімдеген.
Оставить комментарий