Бос сөре, азық толы арба. "Магнумдағы" дүрбелең (фоторепортаж)

/image/2020/03/12/crop-1_561_651x948_165549216700.jpeg

Бүгін Алматыдағы азық-түлік және тұрмыстық заттар сататын базарлар мен ірі дүкендерде "карантинге" қамданып жатқан жұрттың қарасы ерекше көбейген. Қамшы тілшісі алматылықтар көп баратын супермаркеттердің бірі – "Магнумның" Момышұлы/Рысқұловтағы нүктесіндегі жағдайды көріп қайтты.

Тұтынушылар негізінен ұн, макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, бұршақ секілді азық-түлік түрлерін, сұйықмай мен томат пастасын, картоп пен пиязды көптеп сатып алуда. Аталмыш тауарлар сатылатын сөрелердің біразы босап қалған. Сатушылар сөрелерді үсті-үстіне толтырып жатыр.

Касса маңы ұзын-сонар кезек. Кезегінің келуін сағаттан астам уақыт тосып тұрғандар да бар. Жүйкесі сыр берген бір-екі сатып алушы кезек үшін жанжалдасып та алды.

Дүкеннің анықтама бөлімі қызметкерлері мұндай дүрбелеңді түсінбей дал. Өзге нүктелерде де сатып алушылар күрт көбейген.

Олардың сөзінше азық-түлік тапшылығы жоқ. Баға бұрынғыдай.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи