Қазақстанға коронавирус бар елдерден қанша адам келгені белгілі болды. Бұл туралы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.
Қытайдан 1454 адам келген, 401 адам карантинде жатыр. Олардың 90-ы қазақстандық, 311-і шетелдік азамат. Шетелдік азаматтардың 306-сы Қытай азаматы. Қазір 232 адам каратиннен шығарылып, 169 адам карантинде қалған.
Ираннан Қазақстан 69 адам келген. Келген адамдардың 68-і карантинде жатыр. 52 адам – қазақстандық, 16 адам – ирандық азамат. Қазіргі таңда 35 адам карантиннен шығарылып, 33 адам карантинде жатыр.
Оңтүстік Кореядан 819 адам келген. Карантинде жатқандардың саны – 764. Олардың 706-сы қазақстандық болса, 58-і шетелдік азамат. Сондай-ақ шетелдіктердің 13-і оңтүстіккореялық азамат. Карантиннен 65 адам шығарылған, 699 адам карантинде жатыр.
Италиядан 37 адам келіп, барлығы карантинде жатыр. Италиядан келгендердің 33-і қазақстандық, төртеуі шетелдік. Әлі карантиннен шығарылғандар жоқ.
Франциядан келген 17 адам үйде оқшауланған. Олардың 15-і қазақстандық, қалған екеуі шетелдік азамат.
Германиядан 217 адам келген. Олардың 108-і қазақстандық болса, 109-ы шетелдік азамат. Қазір 195 адам үйде оқшауланған.
Испаниядан 34 адам келген. Олардың 19-ы қазақстандық, қалған 15-і шетелдік азамат. 32 адам үйде оқшауланған. Жедел респираторлы вирустық инфекция мен тұмау белгісімен 23 адам ауруханаларға жатқызылды.
Оставить комментарий