Коронавирус жұқтырған 33-ші қазақстандық өз еркімен дәрігердің көмегіне жүгінген

/image/2020/03/17/crop-137_47_469x625_2003171003144800g.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 17 наурыз 19.00 сағаттағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 33-ші науқастың қыз бала екенін айтты.

– Коронавируспен тіркелген науқас 1983 жылы туған қыз бала. Ол өз бетімен қажетті көмек сұраған. Қазіргі таңда азаматша Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылды, – деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтар саны 33-ке жетті. Осы сағатта Алматы қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелгені анықталды


 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи