Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында автотұрақтар тегін болады

/image/2020/03/21/crop-9_0_440x782_photo_32927.jpg

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұндай шешімнің қабылдануына республика аумағында жарияланған төтенше жағдай режимі себеп болып отыр. 

«Коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында автокөлік тұрақтары тегін болады. Алматының қалалық тұрақтарында 21 наурыздан бастап ақы алынбайды. Ақылы тұрақтар тұрғындардан ақыны 15 сәуірге дейін алмайды», - делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, аталған екі мегаполисте 19 наурыздан бастап карантин енгізілген болатын. Ал 16 наурызда ел бойынша төтенше жағдай жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 52 адамға жеткен.

Оставить комментарий

Связанные Статьи