Тоқаев: Мұндай қиын жағдайда мемлекеттік басқару түбегейлі өзгертілуге тиіс

/image/2020/03/23/crop-6_4_713x1268_112628257600.jpg
 
Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық пандемияға байланысты қабылданған шараларға арналған отырыс барысында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
 
Әуелі Президент жиынға қатысқан әкімдер мен министрлерге жауапкершілікті сезіну керектігін айтты.

– Бүкіл мемлекеттік аппарат жұмыс ретін түбегейлі өзгертіп, қалыпты жұмыстан алыстауы керек. Мұндай қиын жағдайда мемлекеттік басқару түбегейлі өзгертілуге тиіс. Біз жауапкершілікті сезініп, батыл және тиімді шешімдер қабылдауға тиіспіз, – деді Тоқаев.

Бұдан әрі Мемлекет басшысы Үкімет мүшелері мен әкімдерге басқаша режимде жұмыс істейтін кез келгенін, тіпті бұндай жағдайда салғырттық танытқандар орындарын босатуы керек екенін ескертті.

– Осылайша, мемлекеттік органдарда туындаған кез келген мәселелерді – бюджет процесінде, бағаны реттеу, мемлекеттік сатып алулар, жеңілдіктер беру және т.б. мәселелерді шешуге барлық мүмкіндік бар. Мен Үкіметтің әр мүшесіне, әкімдерге айтқым келетіні – басқаша режиімде жұмыс істейтін кез келді. Мәселенің маңызын түсінбейтіндер және «ештеңе болып қалмаса болды» деп әрекет ететіндер орындарын босатсын, себебі бұлай біз бұл күресте жеңе алмаймыз, – деді президент.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи