Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 70-ке жетті

/image/2020/03/23/crop-19_9_517x919_crop-0_59_534x950_inx960x640.webp

24 наурыз күні сағат 22.20-да Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адаманан коронавирус табылды. Бұл  туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін 24 наруызда 7 адамнан вирус табылған болатын. Осылайша елде індет жұқтырған азаматтар саны 70-ке жетіп отыр. Қазір Нұр-Сұлтанда – 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында –1 емделіп жатыр.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар алғаш рет 13 наурызда анықталды. Кейін, вирус жұқтырғандар саны сегізге жеткен кезде президент Тоқаев елде 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Ал 19 наурыздан бастап елдің екі ірі қаласы – Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылды. 


Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи