Алматы қаласының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова үй карантинінен шықты. Оның коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Айзат Молдағасымова өз жұмысын жалғастыратын болады.
Бұған дейін Айзат Молдағасымованың коронавирус жұқтырған жолаушымен бір ұшақта болғаны туралы ақпарат тараған еді.
"10 наурыздан 24 наурызға дейін үй карантинінде болдым. Дәрігер менің жұмысқа шығуыма болатынын айтты. 2 рет сынама тапсырдым, вирус жұқтырмағанымды көрсетті", - деді Айзат Молдағасымова баспасөз маслихатында.
Оставить комментарий