Коронавирус. Қазақстанда індетті жұқтырғандар 200-ден асты

/image/2020/03/28/crop-13_10_465x832_koronovirus-1.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша соңғы дерекке сәйкес, вирус анықталған науқастар саны 204-ке жеткенін хабарлады.

Індетті жұқтырғандардың көбі астаналықтар. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 жағдай тіркелді. Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 4 адам, Ақмола облысында – 5 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам вирусты жұқтырған.

Бүгін, 28 наурыз күні ғана 54 адамнан вирус анықталып отыр.

Кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданған. Алматы әкімдігі тәртіпке бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлаған.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи