Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан көз жұмды

/image/2020/03/31/crop-36_15_505x898_8qmboqis.jpg

Бүгін, 31 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы бір адам көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

Оның айтуынша, көз жұмған адамның жасы 50-де болған. 21 наурызда ауруханаға жатқызылған.

"Бір ай ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жеке іссапарлармен байланысты болған. Онымен жақын араласқан отбасы мүшелері және әріптестері барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды" деді Қисықова.

Қисықованың айтуынша, марқұмның екі туысынан коронавирус табылған. 

Қазір Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар екі адамға жетті. Бұған дейін 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел адам көз жұмған еді. 

Ресми ақпарат бойынша,  қазір елде коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жеткен. Олардың екеуі көз жұмса, 22 адам коронавирустан жазылып шықты.



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи