Карантин: Алматыға жұмыс іздеп келген Өзбекстан азаматтары ұсталды

/image/2020/03/31/crop-0_1_449x800_photo_65424.jpeg

Карантинде Алматыға кіргісі келген үш Өзбекстан азаматы қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

– Жақында Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Боралдай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, ер адамдар жұмыс іздеп Алматыға бет алған, олар карантин туралы білмедік деді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдайды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және әкімшілік қамауға алды, – деп хабарлады Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи