Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 1 сәуір сағат 11.45-те Қызылорда облысында алты адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Осылайша бұл өңірде вирус жұқтырған саны 24 адамға жетті.
Қызылорда облысы – вирус жұқтырғандар саны жағынан Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан кейін үшінші орында тұр. Кеше бұл облыстағы Жаңақорған ауданының 10 тұрғынан коронавирус табылған. Олардың сегізі – бір отбасының мүшесі.
Соңғы дерек бойынша, елде барлығы 369 адам коронавирус жұқтырған. Үш адам вирустан көз жұмды, 24 адам індеттен жазылып шықты.
Оставить комментарий