Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

/image/2020/04/02/crop-10_320_313x586_4937b510-d1c2-4c3f-a150-7e89f94293a7.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жақында өткен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша қытай тарапын Қазақстанға гуманитарлық көмек беретін болды, деп жазады coronavirus2020.kz сайты.

Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына бірінші гуманитарлық көмектің партиясы келіп, оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім кіреді.

Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының тағы да келуі күтілуде.

Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи