Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды, оның 30-дан астамы карантин кезеңінде орын алды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
"Қауіпті індеттің таралуына қатысты орнатылған шектеу шараларының қатаңдатылғанына қарамастан кейбір қала тұрғындары талаптарды елемейді, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін. СҚО-да төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды, оның 30-дан астамы карантин кезеңінде орын алды" делінген департамент таратқан хабарламада.
Оставить комментарий