Алматыда су басудың алдын алып, қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде 

/image/2020/04/09/crop-150_10_619x826_fd2ad0a4-4280-4d52-a9a8-2c912efb8984.jpg

Алматы қаласының әкімшілігі су басудың алдын-алу үшін, қар тазалауды қарқынды бастап кетті. Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша таулы аудандарда 4 см дейін қар түскен.

Су басу мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 бірлік арнайы техника, оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшылары тартылған.

Қаланың жоғарғы бөлігінде тайғаққа қарсы 15 тонна мөлшерінде материалдар себілген. Сонымен қатар қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылғанын да атап өтті.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи