Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қымбаттады

/image/2020/04/09/75b290ab3925544ea16c38d56f5c6e58.jpg

Қазақстанда бірінші сәуірден бастап 1 АЕК мөлшері 2778 теңге болып бекітілді. Енді құжаттарды ресімдеу бағасы да қымбаттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ktk арнасына сілтеме жасап. 

Құжаттардың бағасы:

  • Паспорт алу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК немесе 22 224 теңге;
  • Жеке куәлік бағасы – 0,2 АЕК немесе 555,6 теңге;
  • Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК немесе 3 473 теңге;
  • Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі;
  • Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК, яғни 1 389 теңге;
  • Некені тіркеу – 1 АЕК немесе – 2 778 теңге. Неке туралы куәлікті қайта беру – 1 389 теңге;
  • Ажырасуға арыз берген кезде мемлекеттік баж құны – 2 АЕК немесе 5 556 теңге.

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты карантин режимі енгізілмеген аймақтарда ғана қазір неке қиюға немесе ажырасуға өтініш беруге болады.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи