Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың 951 дерегі тіркелгенін хабарлады. Осы күнге дейін 99 адам індеттен айықса, 10 адам қайтыс болған.
Коронавирус Қазақстанда анықталғалы індет бойынша Нұр-Сұлтанда – 251 адам, Алматы қаласында – 165 адам, Қарағанды облысында – 65 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 21 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 10 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 118 адам, Батыс Қазақстан облысында – 9 адам, Түркістан облысында – 43 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 951 науқас тіркелді.
Сондай-ақ бүгін Алматыда 15 медициналық қызметкерден вирус анықталған. Оның бірі екі қабат әйел. Екі науқастың жағдайы ауыр, қалғандарыныкы – қанағаттанарлық.
Оставить комментарий