Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласында салынып жатқан облыстық перинаталдық орталықтың құрылысымен танысты.
2017 жылы басталған нысан 2020 жылдың қыркүйек айында тапсырылуы тиіс. 190 төсектік перинаталдық орталық корпусы бір ауысымда 120 адам қабылдайтын консультативтік-диагностикалық орталықтан тұрады.
Бас мердігері ТОО " TSG Construction" компаниясы. Компанияның бас инженері облыс әкіміне құрылыс қарқындылығы туралы ақпар берді. Сонымен қатар, жұмысшылар күнделікті медициналық тексеруден өтетіндігін айтты.
Аймақ басшысы бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен қала әкімі Асхат Шахаровқа карантиндік жағдайларға қарамастан құрылыстар қарқынды әрі сапалы жүргізілу керектігін ескертті және ТЖ кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды тапсырды.
Оставить комментарий