Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында елдірухани жаңғырту мәселелері қозғалады.Қазіргі кезде АҚШ және Еуропа мемлекеттері ерекше қарқында даму үстінде,бұл бір жағынан жақсы болса да,екінші жағынан ішкі құндылық-рухани дамуды ұмытып жатыр. Сондықтан тұңғыш президентіміз осы кемшіліктерді толтыру мақсатында рухани байлығымызды байыта отырып жаңғырту қажет екендігін атап көрсетті. Елбасы айтқандай,ұлттық салт-дәстүріміз,әдет-ғұрыптарымыз, тіліміз бен әдебиетіміз, өнеріміз, ешқашан ұмытылмау керек. Ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, бала-бақшадан, мектептен берілері анық. Сондықтан ата-аналар, ұстаздар ұлттық тәрбиені бірінші орынға қойғаны дұрыс.
Елбасымыздың осы жолдауын орындау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Биылғы жылы елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрған болатын.Алғашқы шара Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бастау алды. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай "Ұлы даланың ұлы есімі" атты салтанатты іс-шара өтті. Ұстаздарға арналған , Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған" Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы" атты 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының аясында "Білім беру саласының цифрлық жүйеге көшуі-заман талабы" атты секция бойынша конференция өтті. Конференцияға білікті ұстаздар мақалаларын жазып ,секцияға қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінінің ұйымдастыруымен сәуірдің 7-8 күндері аралығында алыс, жақын шетелден келген қандас тыңдаушылары, ЖОО оқу орындарының студенттері және жас ғалымдардың, колледж студенттері мен бейімдік мектеп оқушыларының арасында онлайн жүйесінде "Фараби әлемі-2020" атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан республикасындағы қазіргі білім мен ғылым дамуының өзекті мәселелерін талқылау, жастар арасындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштікті қалыптастыру және елбасы саясатын жастар арасында дәріптеу болып табылады. Адамзаттың рухани жаңғыруы үшін білім, еңбек және бірлік керек,сайып келгенде, елбасымыздың ерен еңбегінің бірі деуге болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары
Бегалиева А.К, Идрисова Г.А.
Оставить комментарий