Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гуманитарлық көмек жіберген Үндістан билігіне алғыс айтты. Бұл туралы Тwitter парақшасында жариялады.
– Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және премьер-министр Нарендра Моди (@NarendraModi) мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын», – деді Тоқаев.
Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 18, 2020
Оставить комментарий