Денсаулық сақтау министрлігі тағы 56 науқастан коронавирус анықталғанын хабарлады. Бұл – Қазақстандағы 2191-дерек.
Коронавирустан бүгінге дейін 515 қазақстандық айықса, 19 адам қайтыс болған.
Әлем бойынша COVID-19-бен ауырғандардың жалпы саны 2 млн 637 мыңнан асқан. Оның 184 мыңнан астамы қайтыс болған. 718 мыңға жуық адам аурудан айыққан.
Эпидемия АҚШ-та өршіп тұр. Бүгінге дейін 849 мыңға тарта америкалықтан коронавирус анықталған. Мұнан кейінгі сатыларда 208 мыңнан астам науқаспен Испания, 187 мыңнан астам науқаспен Италия жайғасқан. Ондықты Ресей қорытындылап тұр. Ол жерде 58 мың адам індетке шалдыққан.
Оставить комментарий