Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жобаларымен танысты

/image/2020/04/23/crop-31_3_206x275_ad5917cd-8b40-44ef-8514-9660f41509e6.jpg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жобалармен танысты. Бұл туралы Іnstagram парақшасында жариялады.

– "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жобалармен таныстым. Жаңа Алматының аудандарына ерекше көңіл бөлінбек. Мысалы, тек Алатау ауданының өзінде бірден 20 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Қарасу» ықш. рекреациялық аймақтың құрылысы, «Шапағат» пен «Зерделіде» скверлерді жөндеу көзделген. Мұндай жұмыстар өзге аудандарда да жүргізіледі, – деп жазды Б. Сағынтаев.

Ол өз сөзінде қала тұрғындарына жайлы болу үшін көппәтерлі тұрғын үйлерге іргелес орналасқан аумақтар мен жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру жұмыстары тұрғанын атап өтті.

– Жоспарда балалар мен воркаут алаңдарын салу, арық жүйелері мен жарықтандыруды ретке келтіру мәселесі тұр. Сапалы әрі төзімді материалдарды пайдалану қажеттігіне назар аудардым. Бұл ретте қойылатын орындықтар мен көше шамдары ыңғайлы, ұзақ мерзімді қызметке жарамды, безендірілуі жағынан қалалық кеңістіктің сәулеттік келбетіне сәйкес болуын тапсырдым. «Елді-мекендерді абаттандыру» бағдарламасы бойынша 125 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобаларда 12,5 мың жұмыс орны құрылады. Жалпы, ағымдағы жылы «ЖҚЖК» бойынша 214 жобаға 26 мың адам жұмысқа орналасады, – деп жазды шаһар басшысы. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

23.04.2020 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жобалармен таныстым. Жаңа Алматының аудандарына ерекше көңіл бөлінбек. Мысалы, тек Алатау ауданының өзінде бірден 20 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Қарасу» ықш. рекреациялық аймақтың құрылысы, «Шапағат» пен «Зерделіде» скверлерді жөндеу көзделген. Мұндай жұмыстар өзге аудандарда да жүргізіледі. Қала тұрғындарына жайлы болу үшін көппәтерлі тұрғын үйлерге іргелес орналасқан аумақтар мен жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру көзделген. Жоспарда балалар мен воркаут алаңдарын салу, арық жүйелері мен жарықтандыруды ретке келтіру мәселесі тұр. Сапалы әрі төзімді материалдарды пайдалану қажеттігіне назар аудардым. Бұл ретте қойылатын орындықтар мен көше шамдары ыңғайлы, ұзақ мерзімді қызметке жарамды, безендірілуі жағынан қалалық кеңістіктің сәулеттік келбетіне сәйкес болуын тапсырдым. «Елді-мекендерді абаттандыру» бағдарламасы бойынша 125 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобаларда 12,5 мың жұмыс орны құрылады. Жалпы, ағымдағы жылы «ЖҚЖК» бойынша 214 жобаға 26 мың адам жұмысқа орналасады. —— Ознакомился с проектами по благоустройству и озеленению общественных пространств, реализацию которых начинаем в рамках «Дорожная карта занятости». Особое внимание уделено районам Нового Алматы. К примеру, только в Алатауском районе запланировано 20 проектов, в т. ч. строительство рекреационной зоны в мкр. «Карасу», ремонту скверов в «Шапагате» и «Зердели». Такая же работа будет проведена и в других районах. Для комфортного времяпровождения горожан предусматривается благоустройство пешеходных зон и прилегающих к МЖК территорий, возведение детских и воркаут площадок, ремонт арычной системы и освещения. Поручил обеспечить использование материалов высокого качества, чтобы скамьи, фонарные группы, элементы оформления были удобны и служили долгое время, соответствовали архитектурному облику городских пространств. По направлению «Благоустройство населенных пунктов» будет реализовано 125 проектов с созданием 12,5 тыс. рабочих мест. В текущем году по «ДКЗ» на 214 проектах будут трудоустроены 26 тыс. горожан.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи