Аурухананың екінші қабатынан секірген науқас қайтыс болды

/image/2020/04/23/crop-27_9_653x1162_news_full15804746857db66ba7169846c8aa766dbd81e4546c.jpg

Таразда "созылмалы алкоголизм" диагнозымен наркологиялық есепте тұрған ер адам аурухананың екінші қабатынан секіріп кетті, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтының дерегін негізге алып.

22 сәуірде Тараз қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына провизорлық стационардың әкімшілік ғимаратының екінші қабатынан емделушінің құлап, есін жимастан қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Одан алынған COVID-19-ға талдау теріс нәтиже берген. Стационардан қашып кетуге тырысып, 42 жастағы тұрғын өзін агрессивті ұстаған, ер адам екінші қабаттың терезесінен шығып, асфальтқа құлап кеткен.

Дерек бойынша, ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи