Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері 93 жастағы науқасты коронавирустан емдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі қаланың ресми сайтының дерегін негізге алып.
Бұдан бөлек елордалық дәрігерлер Ақмола облысының арнайы қызмет көрсету орталығының 7 науқасын коронавирустан емдеді.
"7 сәуірден бастап №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ем алды. Науқастардың арасында 1927, 1933, 1944, 1955, 1961 жылғы әйелдер мен 1978, 1984 жылғы ер адамдар бар. Пациенттер дәрігерлерге көрсетілген медициналық көмек пен қамқорлық танытқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ дәрігерлерге өлең жолдарын арнады. Елордада коронавирусты жұқтырудың 433 жағдайы тіркелді, 207 адам індеттен сауықты", - делінген хабарламада.
Оставить комментарий