Шымкентте коронавирус анықталған азаматтардың кім екені анықталды

/image/2020/04/25/crop-63_9_456x608_5297be61e7770d956bd166d440b2286a_xl.jpg

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы хабарлады.

Вирус жұқтырғандардың үшеуі 1996, 1993, 1967 жылы туған ер адам, ал екеуі 1991, 1966 жылы туған әйелдер. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша олардан COVID-19 диагнозы анықталған. 

Науқастар бұдан бұрын вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда олардың жағдайлары қанағаттанарлық және тиісті ем шараларын алуда.

Сонымен қатар олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи