АҚШ жаңалықтар жүргізушісінің тікелей эфирде шалбарсыз отырғаны көрініп қалды. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады.
Журналист Уилл Риви "Қайырлы таң, Америка" бағдарламасы кезінде COVID-19 жаңалықтары бойынша үйден тікелей эфирге қосылған.
Ол АҚШ-тағы кейбір дәріханалар пандемия кезінде науқастарға рецепт беру үшін дрондарды қолдана бастағаны туралы хабарламақ болған.
Алайда журналист денесінің жоғарғы жартысын көрсетуге орнатқан камера оның шалбарсыз отырғанын көрсеткен.
Журналистың фотосы әлеуметтік желілерде кең тарап, түрлі қызықты пікірлер жазылған.
Мәселен, Рум Ратер есімді твиттер қолданушысы "әдемі бөлме, әдемі шорты" деп жазған.
Оставить комментарий