2019 жылы бағдарлама бойынша 254 өтінім мақұлданып, оның ішінде 251 азамат (Ақтау-85, Жаңаөзен-34, Түпқараған-24, Маңғыстау-13, Бейнеу-10, Мұнайлы-69, Қарақия-16) 2,4 млрд. теңге көлемінде несие алып, пәтерлеріне ие болды, 3 азамат (Жаңаөзен қаласы) құжаттарын рәсімдеуде.
Санаттар бойынша көп балалы отбасылар – 122, толық емес отбасылар – 88, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 41.
2019 жылы 21 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді, көлемі – 19,6 млн.теңге (Ақтау-3 отбасы - 2,9 млн.теңге, Жаңаөзен-1 отбасы – 1,0 млн.теңге, Мұнайлы-14 отбасы - 13,0 млн.теңге, Түпқараған-3 отбасы – 2,6 млн.теңге).
2020 жылы бағдарлама бойынша берілген лимит саны – 167. 13.03.2020 жылғы жағдай бойынша 346 жолдама (Ақтау-160, Жаңаөзен-67, Түпқараған-30, Маңғыстау-15, Бейнеу-26, Мұнайлы-36, Қарақия-12) берілді.
Жолдама алған азаматтардың 84 банкке хабарласып, оның ішінде 35 адамның өтініші мақұлданды.
16.03.2020ж. бастап мемлекетімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, «Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы уақытша 11.05.2020ж. мерзімге дейін тоқтатылды.
2020 жылы облыс бойынша жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй сертификатына 300,0 млн.теңге (Ақтау - 100,0 млн.теңге, Жаңаөзен - 55,0 млн.теңге, Түпқараған - 20,0 млн.теңге, Маңғыстау - 20 млн.теңге, Мұнайлы - 50,0 млн.теңге, Қарақия - 30 млн.тенге, Бейнеу - 25 млн.теңге) бөлінді.
Оставить комментарий