Алматылық Сәуле Қайыңбаева қымыз сатып, тапқан табысының бір бөлігін көмекке мұқтаж жандарға жұмсайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов instagram парақшасында жариялады.
– Алматылық Сәуле Қайыңбаеваның Алатау ауданында өз қымызханасы бар. Кәсіпкер тапқан табысының бір бөлігін көмекке мұқтаж жандарды қолдауға, соның ішінде жетім балалардың игілігі үшін жұмсайды. Жүрегі нәзік әйелдің жаны да таза. Кезінде 15 жыл медицина саласында қызмет еткен. Сауле апайдың жүрегінің кеңдігі, көпшілікке қамқор пейілі қазақ деген ата-бабамыздың қанымен дарыған ұлттық құндылығы. Бізді кез-келген қиын сәттен алып шығатын осындай қайырымдылық, мейірімділік. Бүгінгідей сын сағатты, уақытша қиындықты Сәуле Қайыңбаева сынды алтын жүректі жандардың арқасында бірге еңсеретінімізге сенеміз. #AlmatyBirgemiz , – деді Әсет Мұқажанов.
Оставить комментарий