Нью-Йорк полициясы жүк көлігінен ондаған мәйіт тапты

/image/2020/04/30/crop-0_3_400x614_coronavirus-bodies-truck-011.jpg

Нью-Йок полициясы сәрсенбі күні Бруклиндегі жерлеу үйінің жанындағы жүк көліктерінде сақталған ондаған адамның мәйіттерін тапқан. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Post газетіне сілтеме жасап хабарлады. 

40-тан 60-қа дейінгі мәйіттер Флэтлендтегі Эндрю Клэкли жерлеу қызметтерінің сыртындағы U-Haul автокөліктерінің ішінде және ғимараттың еденінде жиналған. "Көршілер мәйіттердің жағымсыз иісі туралы хабарлаған" деп жазады дереккөздер.

–Мәйіттер жүк көліктерінің ішінде бір-бірінің үстіне қойылған. Ішінен ағып жатқан сұйықтық жағымсыз иіс шығарып, көрші дүкен қожайындары полицияға шақырған,–деп хабарлайды ақпарат көздері.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи