Трамп: Коронавирус Ухань зертханасынан шыққанының дәлелін көрдім

/image/2020/05/01/crop-2_5_417x761_skynews-us-president-donald-trump_4980832.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп "коронавирустың Ухань зертханасында пайда болғанының дәлелін көрдім" деп мәлімдеді, бірақ нақтылаудан бас тартты. Бұл туралы Қамшы тілшісі Sky News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ Үйдегі баспасөз мәслихатында сөйлеген АҚШ президенті "Қытай вирустың таралуын тоқтата алмаған немесе оның таралуына жол берген" деп мәлімдеді.

Дональд Трамп коронавирустың Ухань вирусология институтынан шыққанына сенімді екенін айтты және АҚШ билігі "оны өте қатты зерттеп жатыр" деді. 

– Біз оның қайда екенін, оның қайдан шыққанын көреміз. Теориялар көп, – деді ол.

– Қытай, тіпті, бізге айтуы мүмкін, – деп қосты ол.

Журналистер вирустың Ухань зертханасынан шыққаны туралы "жоғары сенімділік беретін нәрсені" өз көзімен көрген, көрмегенін сұрағанда, Трамп: "Ия, көрдім" деп жауап берді.

Оған мұндай сенімділікке келуге не себеп болғаны жайында сұрақ қойылғанда: "Мен мұны айта алмаймын. Сізге бұл туралы айтуға рұқсатым жоқ" деді Трамп.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи