Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды

/image/2020/05/08/crop-56_6_576x768_1573544662_news_b.jpeg

Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

TAV Airports холдингінің консорциумдағы үлесі 75 пайыздан кем болмаған. Алда құжаттардың барлығы заңдық тұрғыдан реттелген соң барлық акцияны табыс ету жүзеге аспақ.

Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде 15-ші болып тұр.

– Қазақстан географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ірі ел. Алматы – ішкі жалпы өнімнің 20 пайызы тұтынылатын үлкен қала. Одан басқа «заманауи Жібек жолының», яғни, Қытай, Еуропа, Африканы байланыстырып тұрған ірі орталық. Оның әлеуеті зор. Біз өзіміздің білімімізге сүйеніп, іс-әрекеттерді жүзеге асыратын боламыз, – дейді холдингтің президенті және бас директоры Сани Шенер.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи