Тоқаев мемлекеттік органдардың іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасайды

/image/2020/05/10/crop-41_14_1981x3136_31-3-2020_23_54_04_gomhuriaonline_1585691644.jpg

Президент Тоқаев үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр" делінген Берік Уәлидің facebook-тағы жазбасында.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи