Трамп Ақ үй қызметкерлеріне бетперде киюге бұйырғанын мәлімдеді

/image/2020/05/12/crop-10_1_753x995_9b1761795f8d433c4cde7d60c86e3a1c.jpeg

Ақ үй қызметкерлеріне бетперде кию бұйырылды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Нью-Йорк Таймсқа сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп брифингте Ақ үйге батыс қанатынан кірген қызметкерлер бетперде киюге бұйырылғанын мәлімдеді.

Ақ үйдің кадрлар кеңсесі қызметкерлердің әрдайым бет-жүздерін жауып отыруы керек екенін ескерткен. Президенттің брифингтегі мәліметі бойынша, қызметкерлер  жұмыс үстелінде отырып, әріптестерінен арақашықтық болғанда ғана масканы шешуіне болады.

Бұл нұсқаулық вице-президент Майк Пенстің көмекшісі мен Трамптың дәрігері ауырып қалғаннан кейін айтылды.

Трамп бұл саясатты қатаң талап ететінін ескертті.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи