Твиттер: Біз жұмысты мәңгі қашықтан жасай береміз

/image/2020/05/13/crop-10_20_367x586_how-to-use-twitter-to-increase-reach-and-engagement.jpg

Твиттердің бас директоры қызметкерлеріне жұмысты қашықтан "мәңгі жалғастыра беруге болатынын" айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Штаб-пәтері Сан-Францискода орналасқан компанияның 5000-ға жуық адамнан тұратын жұмысшылары наурыз айының басынан бастап қашықтықтан жұмыс істеп жатыр.

– Бізде адамдарға үйде жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін ерекше жағдай  жасалған. Өткен бірнеше айда жұмысты қашықтан жасай алатынымызды дәлелдедік. Сондықтан егер біздің қызметкерлеріміз үйден жұмыс істей беретін рөлде болса және олар мұны мәңгі жасағысы келсе, біз бұны жүзеге асырамыз,–деп твиттердің бас директоры Джек Дорси электронды пошта арқылы қызметкерлерге жазған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи