Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
– Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын.
«Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!
Ораза айт мерекесі – ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.
Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.
Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжілістің Баспасөз қызметі
Оставить комментарий