Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін қаладағы кейбір көшелер жабылатынын айтты. Бұл туралы Тwitter парақшасында жазды.
– Асқар Байтасов жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар)), – деді шаһар басшысы.
@Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар ))
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) May 29, 2020
Оставить комментарий