"Сен сасықсың ғой". Тұрғынға тіл тигізген шенеунік жұмысынан қуылды (видео)

/image/2020/05/29/crop-161_67_296x394_2020-05-29_17-57-23.png

Алматы облысы Іле ауданында тұрғынға балағат сөздер айтып, тіл тигізген шенеунік жұмысынан қуылды, деп жазады tengrinews.kz. 

Видеодағы Іле ауданы әкімдігінің қызметкері тұрғынға "сен сасықсың" деп тіл тигізген. "Сен публикаға ойнама, сасисың (...) Сасықсың ғой сен. Мен сенімдімін, жауап беремін" дейді шенеунік видеода.

Аудан тұрғыны әлеуметтік желіде әкімдік қызметкеріне шағым түсірген. Оның айтуынша, ол әкімдікте неге видеоға түсіруге болмайтынын білгісі келген. Осы уақытта оның алдынан кәсіпкерлік бөлімінің басшысы шығыпты.

– Неге әкімдік қызметкерлері смартфон пайдаланады? Ал бізге неге рұқсат жоқ? Менің ойымша, бұл біздің құқығымызды шектейді. Бір қызметкер ұялы телефонға түсіргенім үшін ашуланды. Ол карантин режимін бұзып жүргенімді айтты. Бірақ өзі маска тақпай, карантинді бұзып жүр, – дейді тұрғын.

Ол шенеуніктің "Мал, сасисың. Қазір еркектің бәрі көйлек кисін" деп өзіне тіл тигізгенін ашық айтып, шағымданды.

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи