Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада блокбекеттер 1 маусымға қараған түні алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
– 1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін. Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар, – деді қала әкімі.
Оның айтуынша елдегі және қаладағы жағдайдың тұрақтануы шектеулерді алуға мүмкіндік берген.
– Бұл ретте барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық берілді. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде. Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!, – деп жазды Сағынтаев.
Оставить комментарий