Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус індетінен тағы 2 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
"Шымкент қаласы – 1959 жылы туған ер адам,
Павлодар облысы – 1966 жылы дүниеге келген әйел адам", делінген хабарламада.
⠀
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.
Осылайша елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 10858-ге жетті. Оның ішінде 5220-сы аурудан жазылып шықса, қайтыс болғандар саны – 40.
Оставить комментарий