АҚШ-тағы наразылық: Полиция қызметкері басынан атып өлтірілді

/image/2020/06/02/crop-5_9_334x575_deeeee.jpeg

Лас-Вегастағы Метрополитен полиция департаменті "полиция офицері Цирк қонақ үйі мен Казино маңында атылған" деп хабарлаған. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daliy Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздердің айтуынша, наразылық акциясы кезінде біреу мылтық атқан. Офицерлер қайтарма оқ атып, атыс басталған. "Атыста бір полиция қызметкері басынан оқ тиіп өлді" деп хабарланды.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарында қара нәсілді жігіт полиция қолынан қаза тапқаннан кейін наразылық акциялары басталған. 46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойд ақ нәсілді полицейдің тізесінің астында тоғыз минут бойы бастырылып жатып қайтыс болған.

Оқиғаға байланысты наразылық шерулері Америкада ғана емес, Англия, Франция сияқты Еуропа елдерінде де болып жатыр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи