Америкада қара нәсілді азамат Джордж Флойдтың өліміне байланысты наразылық шеруі сейсенбі күні түстен кейін де жалғасқан. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мыңдаған адамдар Нью-Йорк қаласында солтүстікке қарай жүріп өткен. Тонау мен тәртіпсіздік болдырмау үшін бизнес орталықтары жабылып, қорғау шаралары жасалған.
Келесі демонстрациялар Стокуэлл-Иннде, Манхэттендегі 47-ші көшеде және Бродвейде, Бруклиндегі Бесінші авенюде, Форт Тоттенде және Квинстегі Фар-Рокавей-Мотт даіғылы станциясында жоспарланған.
Нью-Йорк Мэрі Билл де Блазио дүйсенбіде болған тәртіпсіздіктерден кейін коменданттық сағат жариялауға мәжбүр болған.
Оставить комментарий