Журналист Серік Әбікенұлы Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында жариялады.
Серік Әбікенұлы бұған дейін "Жетісу" телеарнасының бас директоры қызметін атқарып, жуырда өмірден озған белгілі журналист Бейсен Құранбектің бірінші орынбасары болған.
Сондай-ақ ол «Парасат» журналының бас редакторы, «Алматы» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Оставить комментарий