ҰҚҚ Атырауда қылмыстық топты ұстады

/image/2020/06/05/crop-21_13_430x764_photo_68007.jpeg

ҰҚҚ Атырауда арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Қамшы тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолы кесілді.

Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды өндіруге және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар" делінген хабарламада.

ҰҚҚ мәліметінше, топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі ұрылар идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған екен.

Фигуранттарды тұрғылықты жері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрі мен оларға оқ-дәрі табылып, алынған.

"Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр" дейді ҰҚК өкілдері.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи