Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күшікті қатігездікпен өлтіріп, оны видеоға түсірген азаматтар ұсталғанын хабарлады.
Ұсталған азаматтар Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылының 2004 және 2005 жылғы тұрғындары.
Олар кінәсін толық мойындады. Бұл әрекетке қызық үшін барған.
Бүгінде аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөліміне (жануарларға қатігездік таныту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күшікті азаптап өлтіру дерегінің видеосы жануарларды қорғау бірлестігінің instagram парақшасында жарияланған.
Оставить комментарий