Шымкентте медбикені зорлаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты

/image/2020/06/10/crop-8_2_487x871_232003599b49b8fc922ea6e0ffa25303_xl.jpg

Ресми дерек бойынша, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен Н.-ға қатысты Әл-Фараби аудандық сотының 2019 жылғы 21 қазандағы ақтау үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды.

"Жаңа айыптау үкімімен Н.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал ҚК-нің 121-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Н.-ға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды" делінген үкімде.

Сонымен қатар, дәрігерге жәбірленушіге 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді. Сот айыпталушының бұрын сотты болмағанын, сонымен қатар оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Сондай-ақ бір жыл бұрын зорлық-зомбылық орташа ауыр қылмыс болып саналғаны ескерілді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи