Санитар дәрігер коронавирус инфекциясынан көз жұмды

/image/2020/06/11/crop-148_31_1615x2153_coronavirus-test.jpg

Қарағанды облысында санитар дәрігер коронавирустан қайтыс болды. Бұл ақпаратты облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері растады.

"Иә, 1963 жылғы санитар дәрігер қайтыс болды. Ол – облыс бойынша коронавирус инфекциясынан қайтыс болған алтыншы адам" делінген департамент хабарламасында.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус індеті 13 558 адамда анықталды. Оның ішінде емделіп шыққаны – 8400, қайтыс болған науқастар саны – 67.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи