Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Атакент» ҚІҚО аумағында коронавирусты жедел әрі нақтылы анықтайтын модульды зертхана кешенінің ашылуына қатысты.
Б. Өтемұратовтың Қоры қалаға тегін берген зертханада жұмыссыздарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, стационарға жоспарлы түрлі жатқызылған науқастарға, тыныс алу органдары, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бұрыннан бар әрі бақылауға алынған 50 жастан жоғары науқастарға скрининг тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, мұнда эпидемияға қарсы шаралады тексеруге қатысқан әкімдіктер қызметкерлері, волонтерлер, белсенділер, патруль қызметкерлері, қарттар үйлерінде, интернаттарда және басқа да арнайы мекемелерде тұратындар, мектеп жасына дейінгі мекемелер қызметкерлері тексеруден өтеді.
– Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және Б. Өтемұратов пен оның командасының барлық мүшелеріне COVID-19 қарсы күреске қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Зертхана ПЦР сараптамасының барлық циклын жүргізу құралдармен толық жабдықталған. Жалпы кешенде жоғары технологиялы және биологиялық материалды алатын, сақтайтын әрі белгілейтін, ПЦР әдісі бойынша зерттеу жүргізетін жоғары технологиялы 42 құрал-жабдықтар орнатылған.
Зертхана қуаты өте жоғары, мұнда 5000 дейін басымдық беретін күніне 1000 сараптама жасалады. Қор зертхананы жедел түрде 30 мың тест жүргізу үшін қажетті реагент құралдармен толық қамтыған. Зертханада жұмыс істеуге Ұлттық сараптама орталығының 16 зерттеушісі тартылған, олар сегіз адамнан бөлініп, екі ауысымда жұмыс жасайтын болады.
Жаңа зертхана саны бойынша жетінші. Бұған дейін Алматыда алты зертхана жұмыс жасады, олар: ҰСО, ОРЗ, НПЦСЭЭиМ, MPKQ, ҚалалықСПИД, «Олимп» КДЛ. Сонымен қатар, екі жылжымалы қабылдау пункті ашылған.
Оставить комментарий