Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны күрт өсті

/image/2020/06/16/crop-13_19_523x929_1585233823_news_b.jpeg

Бүгін, 16 маусымда Атырау облысында коронавирустан екі адам көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Басқарма дерегінше, қайтыс болғандардың екеуі де ер адам. Оның бірі – 55 жаста, екіншісі – 57 жаста.

"Ауруханаға түскен кезде екі науқаста да интоксикациялық синдром болды, дем жетпей тұрды, жағдайы өте ауыр болды. Бұл пациенттерге коронавирус инфекциясы және екіжақты полисегментарлы пневмония диагнозы қойылған еді" делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Соңғы ақпарат бойынша, Атырау облысында қайтыс болғандар саны 6 адамға жетіп отыр. Ал Қазақстанда вирустан барлығы 81 адам көз жұмды.

Қазір елде 15 192 адамнан коронавирус табылған. Олардың 9488-і індеттен айықты. 



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи