Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Тwitter парақшасында жазды.
– Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол – рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін, – деп жазды Тоқаев.
Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 18, 2020
Оставить комментарий