Алматыда блокбекеттер қайта қойыла ма?

/image/2020/03/19/crop-5_3_272x484_crop-13_140_697x1239_135449909700.jpg

Алматыда соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар екі есеге көбейіп, инфекциялық стационарлардың 95 пайызы толып тұр. Бұл туралы бүгін өткен брифинг кезінде  қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. 

"Қазір қалада коронавирус инфекциясына байланысты ахуал күрделеніп кетті.  Індет жұқтырғандардың саны күрт өсіп барады. Соңғы екі аптада яғни, 3 маусымнан бастап қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар екі есеге көбейді. Инфекциялық стационардағы орындардың 95 пайызы бос емес. Қазір ауруханада жазылғандардың орнына жаңа науқастар келіп жатыр" деді Бекшин. 

Оның сөзінше, Алматыда демалыс күндері ірі сауда орындары мен базарлар жабылады, бірақ блокбекеттер қайта қойылмайды. 

"Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында осы сенбі-жексенбі күндері қаладағы ірі сауда орындары мен базарлар жабылады. Бірақ блокбекеттер қайта қойылмайды, қала жабылмайды. Қаржы орталықтары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтамайды. Сыртқы периметрде ешқандай бекет жоқ. Сондықтан қала тұрғындары және облыс тұрғындарына қалаға кіруге және шығуға ешқандай кедергі жоқ " деді қаланың бас санитары.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи